Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомали астанасында жойқын жарылыстан кем дегенде жеті адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. Сенбі күні таңертең Сомали астанасы Могадишо қаласында күшті жарылыс болып, кемінде жеті адам жарақат алды. Бұл туралы медициналық қайырымдылық ұйымына сілтеме жасап  Синьхуа ақпараттық агенттігі хабарлады .

Жедел жәрдем қызметінің директоры Абдикадир Абдиррахман Хаджи Аден елорданың теңіз портында жанкешті лаңкес жасаған жарылыс салдарынан бірнеше адам дене жарақатын алғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, порт қызметкерлерінің бірі Reuters агенттігіне хабарлағандай, елорданың портындағы жарылыспен қатар, атыс та естілді.

«Қауіпсіздік күштері оқиға болған аймақты қоршауға алды», — деп қосты ол.

Могадишо полициясы зардап шеккендер туралы ақпаратты әлі растаған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *