Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ: Аль-Каида мен ИМ жаңа жақтастарын тарту үшін онлайн-насихаттарында COVID-19-ды пайдаланады

НҰР-СҰЛТАН, 07 шілде. Ислам мемлекеті мен Аль-Каида онлайн насихаттарындағы сюжеттерінде жаңа жақтастарды тарту және зорлық-зомбылыққа шақыру үшін коронавирусты пайдалана бастаған,  деп  БҰҰ-ның «Лаңкестікке қарсы күрес апталығы» деп аталатын жоғары деңгейдегі конференциясында сөйлеген сөзінде БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының басшысы Хада Фатхи Уоли  мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Оның айтуынша, «COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыстың аяқталуына дейін әлі алыс». «Бірақ біз COVID-19-дан кейінгі әлемнің жүдеу болатынына сенімді бола аламыз. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша 71-ден 100 миллион адам қайыршылыққа душар болуы мүмкін.Халықаралық еңбек ұйымы дағдарыстың алғашқы айында экономиканың бейресми секторындағы шамамен 1,6 миллиард қызметкердің табысы 60% — ға қысқарды деп есептеді», — деді Фатхи Уоли.

Ол әлемдегі жас жұмысшылардың 77% -ы бейресми секторға тартылатындығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл адамдар қашықтықтан жұмыс істей алмайды және жеткілікті әлеуметтік сақтануға қол жеткізе алмайды.

Оның айтуынша, ең кедей және аз қорғалған әлеуметтік топтар ұйымдасқан қылмыстық топтар мен лаңкестер үшін ең осал болып табылады.

«Аль-Каида * мен Ислам мемлекетінің * онлайн насихатында вирус жақтастарды тарту немесе зорлық-зомбылықты қоздыруға бағытталған сюжеттерге енген», — деп атап өтті Фатхи Уолей.

Жастар мен маргиналды топтардың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерінің шектеулі екенін ескере отырып, лаңкестер олардың наразылықтарын пайдалануға тырысады, деп атап өтті басқарма басшысы.

«Дүниежүзілік банктің 2019 жылда жүргізген зерттеуі ИМ-не қатысты деректерді зерттеп, экономикалық мүмкіндіктің болмауы және жұмыссыздық радикалданудың негізгі факторлары болып табылатынын анықтады», — деді Фатхи Уоли.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйымдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *