Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Калининградта сауда орталықтарын «миналаған» күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 07 шілде. Полиция Калининградтағы «Плаза» және «Еуропа» сауда орталықтарын миналау туралы хабарлаған күдіктіні ұстады, сауда орталығында қауіпті заттар табылмады, деп Калининград облысы үкіметінің баспасөз қызметінің жетекшісі Дмитрий Лысковқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

«Плаза» мен «Еуропа» сауда орталықтарында ъқауіпсіздік қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижелері бойынша күдікті заттар табылған жоқ, ақпарат расталған жоқ. Сонымен қатар, ІІМБ қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 1998 жылы туған Калининград облысының тұрғынын ұстады, қазір ол полиция бөлімінде», — деді Лысков.

Бұған дейін хабарланғандай, дүйсенбі күні кешке Калининградтағы екі сауда орталығының қызметкерлері мен қонақтары «миналау» туралы хпабарламадан кейін эвакуацияланды. Оқиға орнында Ресей гвардиясының және басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді.

Ресейдің әртүрлі қалаларында өткен жылдың аяғынан бастап сот ғимараттарын, сауда орталықтарын, метро станцияларын, теміржол вокзалдарын, мектептер мен балабақшаларды «миналау» толқыны басталды. Барлық қауіптер жалған болып шықты..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *