Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Барнаул әуежайында лаңкестер жақтаушысы ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде. Г.С. Титов атындағы Барнаул халықаралық әуежайында 22 жастағы Орталық Азияның тумасы ұсталды. Ер адам Мәскеуге жетіп, «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым)  халықаралық лаңкестік ұйымының қарулы топтарының құрамында әскери әрекеттерге қатысу үшін Таяу Шығысқа бармақшы болған, деп Ресей Федерациясының Алтай өлкесіндегі ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады.

«Алдын ала анықталғандай, шетелдік азамат Алтай өлкесінде еңбек қызметіне патент бойынша тұрып, «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым)  қызметіне қатысы бар, Ресейден тыс жердегі адамдармен байланыс орнатқан. Белсенді хат алмасу барысында ол лаңкестік ұйымның қатарына қосылуға және қақтығыс аймағына кетуге ниет білдірді», — делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, лаңкестердің жақтаушысы Барнауылда болған кезде, Алтай өлкесінің астанасында адамдар көп жиналатын нысандар туралы ақпарат жинағаны үшін ақшалай сыйақы алғандығы белгілі болды. Атап айтқанда ол өзінің «кураторларына» жергілікті жерге байланыстырып ғимараттардың егжей-тегжейлі фотосуреттерін жасаған.«Моджахед-ағайындылармен» қарым-қатынас интернеттегі жасырын байланыс арнасы арқылы жүргізілді.

Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің   30 бабының 1 бөлігі, 205.5 бабының 2 бөлігі («Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес лаңкестік деп танылған ұйымның қызметіне қатысуға дайындық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамға айып тағылып, тергеушінің талабы бойынша сот екі айлық қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *