Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Лондонда лаңкестік қауіпке байланысты стадион қоршауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде. Лондонда жергілікті «Вест Хэм» мен «Бернли» арасындағы 34-тур матчының алдында стадион лаңкестік шабуыл қаупіне байланысты қоршауға алынды,  деп  Daily Mail-ге сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Бұған дейін АПЛ маусымы қайта басталмас бұрын лаңкестік қауіп-қатердің жоғары екендігі туралы әңгіме өрбіді.

Қауіпсіздік қызметкерлері кездесу басталғанға дейін қауіпсіз шараларын ойлауды ұйғарған.

«Вест Хэм» — «Бернли» ойыны басталғанға дейін стадион қақпаларының бірінде сұр Volkswagen Golf тұраққа тұрды, бұл дүрбелең тудырды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, стадионның ескерту жүйесі арқылы көлік иесін тез арада көлікке қайта оралуын шақырды.

8 шілде, сәрсенбі күні, Лондон стадионы маңындағы патрульдік полиция қызметкерлеріне күдікті көлік туралы хабарлама түскені хабарланған. Қосымша офицерлер шақырылып, қоршау орнатылды. Көлік иесі анықталды, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тұтқындаулар болған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *