Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Eсірткі затын сатқан  Қызылорда тұрғыны  ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА, 14 шілде. Қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сатқан облыс тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында заңсыз есірткі затын сатқан  Қызылорда қаласының тұрғыны 34 жастағы ер адам ұсталды. Айғақ зат ретінде бұл азаматтан ерекше иісі бар “марихуана” есірткі заты алынды.

Күдікті ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу“ сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *