Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда бомба жарылысынан жеті бала жазым болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде.18 шілде күні Нигерияның солтүстігінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғының жарылысы  кезінде жеті бала қаза болды. Бұл туралы Нигерияның This day газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

 «Балалар жарылыс болған кезде құс фабрикасының жанында үй жануарларына шөп жинап жатқан, — деп басылым жергілікті билік өкілі Исияку Абубакардың сөзің келтіреді .  — Жеті бала оқиға орнында көз жұмды, төртеуі ауыр жарақат алып, қазір ауруханада жатыр».

Абубакар оқиғалар Кацина штатындағы Ямама ауылында болғанын мәлімдеді.

Нигермен шекаралас орналасқан осы Нигерия штатының аумағында құн алу үшін адамдарды кепілге алатын, мал ұрлайтын, түрлі төлемдер алу үшін тұрғындарды қорқытатын көптеген бандиттік топтар бар. Әскер бөлімшелері осы топтарға қарсы күресуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *