Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда екі бомба жарылысынан бес қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде.Ауғанстанда жол бойындағы екі бомбаның жарылуы салдарынан бес қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, тағы төртеуі жарақат алды, деп Tolo News телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, оқыс оқиғалардың бірі жексенбі күні таңертең Пактика провинциясының Суроби ауданында болған. Жарылыс салдарынан жергілікті полиция басшысы мен оның үш әріптесі қаза болды.

Екінші оқиға Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль провинциясындағы Шахр-е-Сафа аймағында болды . Полицейлердің көлігі жол бойындағы бомбаға жарылып, салдарынан  жергілікті полиция басшысы қаза болды, тағы төрт полиция қызметкері жарақаттанды, олар ауруханаға жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *