Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мысыр әскері содырлардың шабуылына тойтарыс берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде.Мысыр қарулы күштері сәрсенбіге қараған түні Синайдың солтүстігінде содырлардың лаңкестік әрекетінің алдын алып, 18 лаңкесті жойғаны туралы хабарлады. Бұл туралы елдің Қарулы Күштерінің ресми өкілі Тамера ар-Рифаиға сілтеме жасап РИА Новости жазады.

«Біздің әскери күштер Синай түбегінің солтүстігіндегі Бир эль-Абд аймағында қауіпсіздік күштері бекетіне жоспарланған шабуылды болдырмады», — деп қарулы күштер спикерінің мәлімдемесінде айтылған.

Әскерилер Мысырдың әскери-әуе күштерінің қорғауында шабуылға тойтарыс беріп, содырлардың күштерін ферма мен бірнеше бос үйлер жаққа шегіндірді.

«Операция нәтижесінде 18 содыр жойылды, олардың біреуінде жанкешті белбеуі болған, төрт көлік жойылды, олардың үшеуі миналанған», — деді ар-Рифаи.

Содырлардың шабуылына тойтарыс беру барысында Мысыр Қарулы Күштерінің екі әскери қызметкері қаза тапты, төртеуі жараланды, деді ар-Рифаи.

Синай түбегінің солтүстігі Мысырдағы жағдайы ең қауырт аймақтарының бірі болып қала береді. Мұнда әрекет ететін экстремистер әскери және полиция қызметкерлеріне қайта-қайта шабуыл жасап тұрады. Соңғы бірнеше жыл ішінде Синайда лаңкестікке қарсы кең ауқымды операция жүргізіліп келеді, оның барысында жүздеген экстремисттер өлтіріліп, қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *