Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейдің үш аймағында «Өзбекстан ислам қозғалысы» ХЛҰ әрекетінің жолы кесілді

 НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Ішкі істер министрлігі бөлімшелерімен және Ресей Федерациясының Ұлттық ұланының Федералдық қызметімен бірлесіп арнайы операция аясында Мәскеу, Новосібір және Красноярск өлкесінде «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» халықаралық лаңкестік ұйымының аймақаралық құрылымының әрекетінің жолын кесіп, оның басшылары мен қатардағы мүшелерінің арасынан 22 адамды ұстады. Бұл туралы Ресей Федерациясының ФҚҚ баспасөз қызметі хабарлады .

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұяшық мүшелері лаңкестік сипаттағы қылмыстарды жасауға, әскери іс-қимылдар аймағына рекруттарды тарту мен жіберуге, Сирия Араб Республикасындағы лаңкестік құрылым мүшелерін қаржыландыруды жүзеге асырғаны анықталды.

Жедел іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттері жалғасуда.

Ұстау кезінде тыйым салынған діни әдебиет, «Өзбекстандағы исламдық қозғалысы» ХЛҰ (ҚР-да тыйым салынған ұйым) насихаттау бейнематериалдары, сондай-ақ заңсыз әрекеттерді жүзеге асыру үшін пайдаланылған жалған анықтамалық деректері бар паспорттар табылып, тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *