Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

90 келі есірткі сақтаған маңғыстаулық 10 жылға бас бостандығынан айырылды

АҚТАУ, 28 шілде.  Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылының тұрғыны үйінде 90 келі «кептірілген марихуана» сақтағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылының тұрғыны А-ның үйін тінту барысында жалпы салмағы 90 келі «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленген. Аталған аса iрi мөлшердегі есірткі заттарды ол заңсыз сатып алып, одан әрі сату үшін сақтаған.

Сот үкімімен А. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *