Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жиһадшылар тобының әрекетін тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. 2004 жылдан 2018 жылдар аралығында «Жиһадшылар» діни-экстремистік ағымына қатысқаны үшін жазасын өтеген Қарши қаласының елу екі жасар тұрғыны өзінің тұрғылықты жері бойынша 1994, 1996 және 1998 жылдары дүниеге келген туған балаларынан, 2000 жылы туған інісінен және 1974-1998 жылдар аралығында туған 11 жергілікті тұрғыннан заңсыз топ ұйымдастырып, ағым идеяларын қолдаған,  деп Sputnik Өзбекстан жазады.

 «Ол топ мүшелерін «хижрат» пен «жиһад» жасауға, Сирияға барып, «Катибатуль Тавхид ва Джихад лаңкестік ұйымының қатарына қосылуға шақырды. Сонымен қатар, ол Telegram мессенджерінде топ құрып, ол жерге діни ағымдар мен лаңкестік ұйымдардың идеологиялық жетекшілерінің насихаттық аудио- және видео материалдарын орналастырды», — делінген хабарламада.

Қашқадария облысы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басқармасы мен облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп өткізген жедел шараның нәтижесінде заңсыз топ әрекетінің жолы кесілді.

Тергеуге дейінгі іс-шаралар барысында өз басшысының тапсырмасы бойынша топ мүшелері Сирияға бару үшін жол шығындарына қажетті ақша жинау үшін тонауды жоспарлағаны анықталды, ол жерде олар лаңкестік ұйым қатарына қосылуға ниеттенген.

Олардың тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту барысында заттай айғақтар ретінде іс жүргізу тәртібімен компьютер процессоры, ноутбук, дрон, флеш-карталар, DVD-дискілер, ұялы телефондар, діни мазмұндағы әдебиет, сондай-ақ атыс және пневматикалық қару, патрондар мен гильзалар тәркіленді.

Топ мүшелерінің арасында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы мен қызметкері, базарда сауда жасайтын адамдар, сонымен қатар университеттің студенті де болған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *