Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ-тың апелляциялық соты Бостондағы лаңкестік әрекетке қатысушыны өлім жазасына кесу туралы үкімді жойды

НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. АҚШ-тың апелляциялық соты 2013 жылы Бостон марафонында жарылыс жасады деп өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевқа қатысты сот шешімінің күшін жойды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап хабарлайды.

27 жастағы Царнаев өмір бойы түрмеде отырады, алайда сот оны өлім жазасына кесуге қатысты тағы да бір сот процесін өткізбек.

Айта кетсек, Бостон марафонының мәресінде болған жарылысқа қатысты істі тергеуге кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовта болды.

Кейін белгілі болғандай Азамат Тәжаяқов Бостон терактісін тергеуге кедергі жасауға қатысты айыпты деп танылды.

Д.Қадырбаев 2015 жылы Америка түрмесінде 6 жылға жазасын өтеуге сотталған болатын. Ол 2013 жылы Бостонда ағайынды Царнаевтар жасаған лаңкестік актіні тергеу кезінде айыпты деп танылды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қадырбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығатынын айтты. Ол жазасын Техас штатындағы «Big Spring» федералды түрмесінде өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *