Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Папуа-Жаңа Гвинеяда бортында кокаин бар ұшақ құлады

НҰР-СҰЛТАН, 03 тамыз.  Папуа-Жаңа Гвинеяның оңтүстігінде кокаин тиелген ұшақ құлады. Бұл туралы Radio New Zealand-ке сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.

Оқиға ел астанасы Порт-Морсбидің жанында орналасқан Папа-Лили елді мекенінде болды. Cessna 402C жеңіл моторлы ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Апат болған жерге жеткен полиция қызметкерлері әуе кемесінің бортында шамамен 86 миллион АҚШ долларын құрайтын 750 келі кокаин тапты.

Жергілікті полиция комиссары Дэвид Мэннинг (David Manning) ұшақ апатынан аман қалған ұшқыш қамауға алынып, елге заңсыз кірді деген айып тағылды деп мәлімдеді. Ұсталған ұшқыш Австралия азаматы болып шықты, ол тергеумен ынтымақтастық жасауға келіскен. Ұшқыштың айтуынша, есірткі Австралияға жеткізілмек болған, ұшқыштан барлығы 28 пакет кокаин тәркіленді.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Папуа-Жаңа Гвинеяның полицейлері екі елде де есірткінің шығу көзі мен ұшқыштың сыбайластарын іздеу үшін австралиялық әріптестерімен тығыз жұмыс жүргізуде. Ұсталған кокаин партиясы ел тарихындағы құны бойынша ең үлкен партия болды деп атап өтілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *