Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстан ІІМ: соңғы жарты жылда екі терактінің алдын алдық

НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз. Биыл соңғы жарты жылда екі терактінің алдын алдық. Осылай деп Тәжікстан ішкі істер министрлігі терроризммен күрес басқармасының басшысы Шоди Хафиззода мәлімдеді, деп centralasian.org жазады. 

Оның сөзінше, терактіні Шахринав пен Рашт аудандарына жасауды «Ислам мемлекеті» террористік тобының жақтастары жоспарлаған.

«Олар құқық қорғау органдарына қарсы шабуыл жасамақ болған. Бірақ дер кезінде күш құрылымдары тарапынан қолға түсті» деп мәлімдеді Шоди Хафиззода.

Бұл ақпаратты тәуелсіз дереккөздер тарапынан тексеру мүмкін болмады.

Тәжікстан ІІМ сонымен бірге террористік және экстремистік пиғылдағы 875 қылмыстың жолын кестік деп мәлімдеді. Шоди Хафиззоданың айтуынша, жарты жылда террористік және экстремистік ұйымдардың 200-ге тарта мүшесі ұсталған. Атап айтқанда:

— «Мұсылман ағайындар» тобының 203 жақтасы,

— «Ислам мемлекеті» тобының 27 мүшесі,

— «Салафии” ұйымының 17 мүшесі,

— Исламның қайта өрлеуі партиясының 4 мүшесі,

— «Джамоати Ансоруллах” тобының 8 мүшесі,

сонымен бірге «Талибан» қозғалысының бір содыры ұсталған.

Шоди Хафиззода сонымен бірге терроризммен айыпталып, шетелде қашып жүрген Тәжікстанның 90 азаматы елге жеткізілгенін мәлімдеді.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Тәжікстан билігін терроризмді сылтау етіп, билікке сын айтып жатқан еркін ойлы азаматтарды ұстап жатыр деп сынап келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *