Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

201-ші РӘБ әскерилері тактикалық оқулар барысында шартты содырларды жойды

НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз.  Тәжікстандағы Ресейдің 201-ші әскери базасының мотоатқыштары БТР-82А бронетранспортерлерімен таулардағы тактикалық жаттығу кезінде шартты содырларды жойды, деп Орталық әскери округінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды .

Екі күндік жаттығуға 600 әскери қызметші қатысты, 80-ден астам әскери және арнайы техника жұмылдырылды.

«Жаттығу жоспарына сәйкес, жау Душанбе қаласынан оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан Ляур жаттығу полигонына кіріп, басым шебін басып алып, қорғанысқа көшті.Мотоатқыштар құрамаларының бөлімшелеріне тереңдіктен алға жылжу, шабуылға көшу және заңсыз қарулы құрылымның атыс позицияларын жою тапсырмасы берілді», — делінген хабарламада.

Мотоатқыштардың әрекетін Т-72 танктерінің экипаждары қолдады, олар «содырлардың» бекінген атыс орындарына дәл соққылар жасады.

Сондай-ақ, пикаптарды, жихад-мобилдерді және басқа да құрышпен қапталған техниканы жою үшін зымыранды нысанаға жартылай автоматты түрде бағыттайтын «Фагот» танкке қарсы тасымалды кешендерді  қолданылды.

Оқты нысаналау «Орлан-10» ұшқышсыз ұшатын аппараттарының көмегімен жүзеге асырылды, олар атыс нәтижелерін нақты уақыт тәртіптемесінде командалық пунктке жібереді.

Тәжікстанда орналасқан 201-ші әскери база — Ресейдегі, оның шекарасынан тыс жерде орналасқан ең үлкен әскери нысан, ол Душанбе мен Бохтар қалаларында орналасқан. 2012 жылдың қазанында қол қойылған келісімге сәйкес, құрама Тәжікстанда 2042 жылға дейін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *