Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бадахшан провинциясында ауған әскери күштері тәлібтердің шабуылына тойтарыс берді

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз.  Тәжікстанмен шекарада ауған әскери күштері «Талибан» шабуылына тойтарыс берді, деп «Памир» ауған ұлттық армиясының 217-ші корпусының баспасөз хатшысы Ходи Джамолуға сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан  жазады.

Лаңкестік шабуыл 14 тамыз күні  таңғы 6:30 -да Бадахшан провинциясының Куф-Аб үезінің аумағындағы армия мен полиция күштеріне жасалған.

Ауғанстан әскери күштерінің әрекеті нәтижесінде 10 содыр өлтірілді, 6 адам жараланды, 4 адам тұтқынға алынды.

Содырлардан 1 гранатомет, 1 Калашников автоматы және басқа да қару алынды.

Сәтсіз қақтығыстан кейін тәлібтер* шегінді. Ауғанстан армиясы тарапынан құрбан болғандар және/немесе жараланғандар туралы ақпарат жоқ.

 

* Талибан — Қазақстанда тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *