Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның солтүстік-шығысында миналанған көліктің жарылысынан 3 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Расулайнның батысындағы Мебруке аймағында Сирия ұлттық армиясының бақылау бекеті жанында бомба жарылды, деп Анадолу хабарлайды.

Сирияның солтүстік-шығысындағы Расулайн аймағында бомбаның жарылуы үш адамның өмірін қиды.

Миналанған көлік «Бейбітшілік қайнары» операциясы аясында лаңкестерден тазартылған Расулайнның батысындағы Мебруке ауданындағы Сирия ұлттық армиясының өткізу бекетінің жанында жарылды.

Лаңкестік шабуыл салдарынан Сирия ұлттық армиясының екі сарбазы мен көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Зардап шеккендер аймақтағы ауруханаларға жеткізілді.

Тергеуді бастаған жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылға YPG / PKK лаңкестерінің қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сирияның солтүстігіндегі Расулайн аймағы 2019 жылғы 12 қазанда «Бейбітшілік қайнары» операциясы кезінде лаңкестерден тазартылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *