Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Саясаттанушы: Сириядағы соғыс «лаңкестік әрекет режиміне» өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз. Сириядағы соғыс партизандық әрекеттер, лаңкестік шабуылдар режиміне өтуде. Бұл көріністер елде жасырын оппозиция болғанша жалғасады, деп әскери саясаттанушы, Ресей Қорғаныс министрлігінің әскери университетінің оқытушысы, отставкадағы полковник Владимир Карякин  мәлімдеді деп Sputnik Тәжікстан жазады .

Естеріңізге сала кетейік, Дамаск провинциясындағы Думайра мен Адра аудандары арасындағы газ құбырындағы жарылыс бүкіл Сирияда электр қуатының өшіп қалуына әкелді.  Елдің мұнай және минералды ресурстар министрі Али Ганем газ құбырындағы оқиға «лаңкестік әрекет болуы мүмкін» деп мәлімдеді.

 «Асадқа (Сирия президенті Башар Асад — ред.)  қарсы тұрған кез-келген күштер бұл лаңкестік шабуылды жасаған болуы мүмкін. Бұл әрекет бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануға және оппозиция әрекет етіп жатқанын көрсетуге арналған», — деп атап өтті Карякин.

Оның айтуынша, лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылар мен орындаушылар әлемдік дағдарысты, елдегі әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығын туғызғысы келді.

Алайда, Сирия билігінің айтуынша, жағдай қалыпына келуде.

«Газ құбырының ұзындығы — 1200 шақырым. Газ құбырларының қауіпсіздігін бақылау қиын. Мұндай нысандарға қауіп төндіруі мүмкін белгісіз топтардың орналасқан жерін қадағалау үшін арнайы мобильді күштер қажет», — деп санайды сарапшы.

Ол Сириядағы лаңкестік шабуылдар жасырын оппозиция әрекет еткенге дейін жалғасады деген сенімде. Саясаттанушының пікірінше, оны тек ел халқының қолдауымен ғана жоюға болады.

Дамаск орталығында электрмен жабдықтау қалпына келтірілген.  Сирияның мұнай және минералды ресурстар министрі қалған аудандарда жабдықтау біртіндеп қалпына келтірілетінін айтты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *