Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияда Рейханлыдағы лаңкестік әрекет ісі бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек.  Рейханлы ауданында 2013 жылы 11 мамырда екі бөлек бомбалы шабуылда 53 адам көз жұмған және көп адам жарақат алған еді, деп Анадолу АА хабарлайды. 

Түркияның Хатай провинциясының Рейханлы ауданында 2013 жылы  53 адам қаза тапқан лаңкестік шабуылының жауаптысының бірі Эрджан Баят ұсталды.

Іздеуде жүрген лаңкестер тізімінің «көк» санатындағы  Эрджан Баят бір күн бұрын Хатай провинциясындағы Сирия шекарасындағы шекара полиция тарапынан ұсталып, қауіпсіздік күштеріне тапсырылды.

Баят сонымен бірге 2012 жылы Самандаг ауданында жасалған кісі өлтіру әрекеті үшін іздеуде болды.

Хатай провинциясының Рейханлы қаласындағы лаңкестік әрекет 2013 жылдың 11 мамырында болды. Рейханлы пошта бөлімшесінің ғимаратындағы жарылыс 53 адамның өмірін қиды.

2018 жылғы 23 ақпанда осы іс бойынша 33 сотталушының тоғызы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Тағы 13 адам 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сегіз лаңкес халықаралық іздеуге жарияланды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *