Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ІІМ: Түркияда жыл басынан бері 152 лаңкестік әрекеттің алды алынды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек.Осы жылдың басынан бері Түркияның қауіпсіздік құрылымдары ДЕАШ лаңкестері жасауды жоспарлаған 152 террорлық шабуылдың алдын алды, 26,8 тонна жарылғыш зат тәркіленді, деп Түркияның ІІМ басшысы Сулейман Сойлуге сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, ДЕАШ  лаңкестерімен күрес — бұл қылмыстың алдын алудың сәтті бағыттарының бірі ғана. Ішкі істер министрлігі Фетуллах Гюленнің лаңкестеріне де белсенді қарсы тұрады, деп атап өтті Сойлу.

Ішкі істер министрлігінің басшысы биыл тек Анкара провинциясы шегінде Гюлен бастаған «Параллель мемлекет» террористік ұйымының 1600 сыбайласы ұсталғанын атап өтті.

Сойлу Гюлен ұйымының қылмыстық әрекеттерін тергеу аясында 2016 жылдың шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін 125 мың қызметкердің Түркияның мемлекеттік органдарынан шығарылғанын еске түсірді.

Министр қауіпсіздік құрылымдары кезең-кезеңімен Гюленнің жақтастары құпия хат алмасып жұрген ByLock бағдарламасының барлық қолданушыларын анықтайтынын айтты.

«Түркиядағы Гюленнің сыбайластарының қалдықтары біздің торға түсті, оларға қашатын жер жоқ. Қазіргі кезде негізгі террористік топтардың барлығы шетелде, Еуропада және Америкада », — деді ішкі істер министрі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *