Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Париждегі қарулы шабуыл: 4 адам жарақат алды 

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек.Парижде  сатиралық Шарли Эбдо журналының бұрынғы кеңсесі маңында қарулы шабуыл болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 4 азамат жарақат алды. Екеуі ауыр халде жатыр. Қазір оқиға орны қоршауға алынған. Тергеп-тексеру кезінде мамандар ол жерден күмәнді пакет тапқан. Әзірге шабуылды нақты кімнің жасағаны беймәлім. Полиция қызметкерлері қылмыскерлерді ұстау операциясын жүргізіп жатыр. Соңғы ақпарға сәйкес, күдіктілердің бірі қолға түскен. Қанды оқиғаға байланысты ел прокуратурасы адам өлтіруге оқталу бойынша қылмыстық іс қозғады. Жалпы қазіргі уақытта жергілікті билік өкілдері тұрғындарды оқиға орнынан аулақ жүруге шақырып отыр. Сақтық мақсатында аймақтағы дүкендер мен мектептер жабылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *