Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германияның Кельн қаласында пойыздан бомба табылды

НҰР-СҰЛТАН, 04 қазан. Германияның Кельн қаласында пойыздан бомба табылып, тергеу басталды, деп 24.kz   хабарлайды. 

Қорапқа салынған жарылғышты еден сыпырушы тауып алған. Поезд осы кезде депода тұрған. Тергеушілер лаңкестік әрекет ұйымдастырылмақ болуы мүмкін деп отыр. Оқиға орынына келген мина тазалаушылар бомбаны залалсыздандырып, полиция 30 пойызды тексеріп шықты. Бірақ мамандар бомбаны зерттей келе оның аса қауіпті болмағанын айтады. Себебі жарылғыш іске қосылса да жарылмас еді дейді. Дегенмен, қазір полиция бейнебақылау камераларын тексеріп, қаскүнемді ісдестіріп жатыр.

«Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. Жәшікке бомбаны кім және қандай мақсатпен жасырғанын анықтау үшін. Тергеуді Кельн қаласының криминалды полициясы мен мемлекеттік қауіпсіздік басқармасы бірігіп жүргізуде», — деді Кельн полициясының өкілі Томас Хельд.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *