Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері Павлодар полицейлері дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылары жасаған 14 құқық бұзушылықты анықтады

ПАВЛОДАР, 05 қазан. Павлодарлық полицейлер жыл басынан бері дәстүрлі емес діни ағымдар өкілдері жасаған 14 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері экстремизмге қарсы күрес саласындағы құқық бұзушылықтардың 14 фактісін анықтады, оның ішінде заңсыз миссионерлік қызметтің 2 фактісі (ҚР ӘҚБК 490-бабы 3-бөлігі), экстремистік материалдарды сақтаудың 3 фактісі (ҚР ӘҚБК 453-бабы 3-бөлігі), сондай-ақ тіркелмеген діни бірлестіктер құрудың және оған басшылық етудің 1 фактісі     (ҚР ӘҚБК 489-бабы 9-бөлігі), діни әдебиетті заңсыз сатудың 7 фактісі (ҚР ӘҚБК 490-бабы 1-бөлігі) бар.

Бұдан басқа дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанушылары діни көзқарастары мен  атрибутиканы көзбояушылықпен пайдаланып, тек құқық бұзушылықтар ғана емес, сонымен қатар ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық шабуылдар сияқты ауыр қылмыстарды да жасайды.

Мәселен, павлодарлық тұрғын суретке тегін түсіруден бас тартқаны үшін көршісіне дене жарақатын салған. Тергеу барысында ер адамның алкогольдік масаю күйінде болған көршісінен өзін ұялы телефонына суретке түсіруді өтінгені, мас көршісінің  тегін суретке түсіруден бас тартып,  еңбегі үшін бір бөтелке арақ сұрағаны белгілі болды. Өтініш білдіруші көршісіне дене жарақатын салған, нәтижесінде  жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кету керек, бұған дейін аталған павлодарлық тонау қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ұсталған азамат деструктивті салафизм ұстанушысы, бірақ діни ұстанымдары мен қағидалары оған қылмыс жасауға кедергі болған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *