Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әлеуметтік желілерде терроризмді ақтағаны үшін Қарашай-Шеркесияның тұрғыны сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан. Оңтүстік округтік әскери соты Қарашай-Шеркесияның тумасын терроризм мен экстремизмді ақтау ісі бойынша 2,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп «Кавказский узел» интернет басылымына сілтеме жасап СНОБ жазады.  

Айыптаушы тараптың мәліметінше, 24 жастағы Алтынай Кумукова 2018 жылдың 19 қарашасынан 2019 жылдың 15 ақпан  аралығында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында және өзі  құрған интернет-қоғамдастықта «23 графикалық сурет пен оларға түсініктемелерді», сондай-ақ екі аудиожазбаны жариялады. Тергеу мен сот қыздың түсініктемелерінде терроризмді ақтау мен оны насихаттауды, ал аудиожазбаларда терроризмге шақыру бар деп есептеді.

2020 жылдың мамыр айында 1996 жылы туған Алтынай Кумукова экстремистік әрекетке немесе терроризмге қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізіміне енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *