Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомали астанасының маңында жойқын жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Сомали астанасы Могадишоның шетінде сенбіде жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Somali Guardian жаңалықтар порталына сілтеме жасап ТАСС  хабарлады .

Порталдың ақпараты бойынша, шабуылдың мақсаты Могадишо мен Афгойе қаласы арасында жүрдек жолдың құрылысына қатысқан түрік мамандары болған.  Зардап шеккендер бар, бірақ олардың саны әлі белгісіз.

Түркия — Сомали экономикасына 1 миллиард доллардан астам инвестиция салған ең ірі инвестор. Түрік компаниялары Могадишо халықаралық әуежай мен теңіз портын басқарады.

2016 жылы Анкара Сомали астанасында басқа түрік елшіліктеріне қарағанда үлкен елшілік кешенін ашқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *