Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Польшада қарасора плантациясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Польша полициясы 1700 заңсыз өсірілген қарасора бұталарын тәркіледі. Гопло көлінің маңайындағы жасырын плантациядан табылған есірткі затының жалпы құны қара нарықта 1 миллион злотыйдан (шамамен 265 мың доллар) асты. Бұл туралы Polskie Radio 24-ке сілтеме жасап  REGNUM АА  хабарлады.

Қарасора плантациясы «отбасылық бизнес» болды. Плантацияға жақын жерде екі қабатты жапсыра салынған шаруашылық ғимарат табылды. Ол жер есірткі өсіруге арналған толық автоматтандырылған желімен жабдықталды: жарықтандыру, желдеткіштер, көміртекті сүзгілер, тыңайтқыштар.

Мүлік иесі 61 жасар Польша тұрғыны екені анықталды.  «Шаруашылықты» басқаруға оның ағасы көмектесті. Ер адамдар мен олардың бірқатар сыбайластары ұсталды.

Оларға ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны және есірткі бизнесімен байланысты қылмыстар жасағаны үшін айып тағылды. Олар қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *