Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Синтетикалық есірткі сатқан Петропавл тұрғыны 12 жылға сотталды

ПЕТРОПАВЛ, 16 қазан. Петропавлда синтетикалық есірткіні сақтап, сатып және жарнамалағаны үшін қала тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 29 жастағы тұрғыны наурыз айында ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған оның «Telegram» мессенджері арқылы жұмыс істеген анықталды. Онлайн-ресурстың 3,5 мың оқырманы болған.

Синтетикалық есірткіні қаланың ықшам аудандарында жасырып, оны осы жерде сатып отырған.

Бірнеше грамм есірткі күдікті мінген такси көлігін тексеру кезінде табылды. Ал негізгі бөлігін — 400 гр спайсты полицейлер оның пәтерінен алды.

Сондай-ақ оның үйінде синтетикалық есірткіні дайындауға қажет концентрат, электронды таразы, орауға арналған материалдар, ұялы телефон мен ноутбук болған.

«Тексеру барысында оның синтетикалық есірткі сатуға арналған «Папа может» атты интернет-дүкен ашқаны анықталды. Алғаш рет ұсталғанға есірткі заттарын электронды ақпараттық ресурстарда жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қолданылды. Бұдан басқа қала тұрғыны сату үшін спайсты әзірлеп, сақтағаны және сатқаны үшін сотталды», — дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 398 кг түрлі есірткі заттары алынды, оның 1,5 кг синтетикалық есірткілер.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *