Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Франция президенті министрлерден терроризмге қарсы күресте шұғыл әрекет етуді талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 19  қазан.Франция президенті Эмманюэль Макрон әлеуетті министрлерінен терроризмге қарсы күресте шұғыл әрекет етуді талап етті.Француз басшысы жексенбі күні оның басшылығымен өткен Қорғаныс Кеңесінің кезектен тыс отырысында осы бағытта жедел және батыл шаралар қабылдау қажеттілігіне назар аударды, деп Елисей сарайының мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

«Республика Президенті бұл қауіпке қарсы шұғыл әрекет етуді талап етті», — деді ел басшысының резиденциясындағы кездесуден кейін әкімшік өкілі.

Өткен жұма күні елордалық аймақтағы террорлық шабуылға байланысты Макрон шақырған жиналыс бірнеше сағатқа созылды. Оған Франция премьер-министрі Жан Кастекс, ІІМ, СІМ, қарулы күштер және әділет министрліктерінің басшылары қатысты.

BFMTV телеарнасының ақпараты бойынша, отырыс қорытындысы бойынша оқу орындарының қауіпсіздік жүйесін күшейту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі хабарламаларға назар аудару туралы шешім қабылданды. Елордалық аймақтағы террорлық шабуылдан кейін интернетте шабуылды қолдаған 20-дан астам хабарлама анықталды. Олардың авторлары жауапқа тартылады, деп тәртіп сақшылары уәде берді. Сонымен қатар, билік исламдық үгіт-насихатқа күдікті қауымдастықтарды бақылауды күшейтпек.

Бұған дейін Франция ІІМ басшысы Жеральд Дарманен хабарлағандай, құзыретті қызметтер радикалдануға күдікті 4 мыңнан астам шетелдікті бақылап, елден 230-дан астам экстремистті жіберуге дайындалып жатыр. Олардың барлығы террористік сипаттағы радикалдануға күдікті адамдардың тізіміне кіреді (FSPRT).

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *