Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Францияда мұғалімді өлтіру ісі бойынша сот алдында жеті адам жауап береді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Сәрсенбі күні Францияда мұғалім Самуэль Патидің өліміне қатысты істі тергеу аясында жеті адам сот алдында жауап береді. Бұл туралы AFP-ге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Осы іс бойынша алғашқы тыңдау барысында жеті ұсталған адамға айып тағылуы мүмкін. Олардың арасында лаңкеске  мұғалім туралы ақпарат бергені үшін күдіктенген екі кәмелетке толмаған бала, Патиді белсенді сынға алған радикалдың әкесі, исламшыл белсенді Абделхаким Сефриуи және шабуылдаушымен қару сатып алу кезінде  бірге болған үш жолдасы бар.

AFP мәліметтері бойынша, лаңкестік іс бойынша ұсталғандардың қалғандары босатылды. Бұған дейін француз полициясы 16 адамның ұсталғанын хабарлаған болатын, олардың алтауы сейсенбі күні кешке босатылды.

Преступник перерезал ему горло. Злоумышленник пытался угрожать полицейским, прибывшим на место происшествия, но был застрелен. Расследование этого дела поручено антитеррористической прокуратуре Франции. Президент республики назвал случившееся терактом.

Шабуыл 16 қазанда кешке Конфлан-Сент-Онорин қаласындағы мұғалім сабақ берген мектептің жанында жасалды. Қылмыскер оның басын кесіп тастады. Пышақпен қаруланған күдіктіні полицейлер Эраньи қаласынан тапқан. Ол тәртіп сақшыларының қаруды тастау туралы бұйрығын тыңдамаған. Сөйтіп полицейлер күдіктіге бірнеше рет оқ атуға мәжбүр болған. Француз БАҚ-тарының мәліметінше, күдікті оқиға орнында қаза тапқан. Бұл істі тергеу Францияның терроризмге қарсы прокуратурасына тапсырылды. Оқиға орнына келген Франция президенті Эммануэль Макрон бұл қылмысты террористік шабуыл деп бағалады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *