Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеуде сириялық содырларды қаржыландырғаны үшін Дағыстанның тумасы сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Дағыстанның тумасы Рамазан Абдулхаликов Таяу Шығыстағы содырларды қаржыландыру ісі бойынша кінәлі деп танылды. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп Мәскеу бойынша РФ ТК бас тергеу бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады.

2016 жылдың шілдесінен 2018 жылдың қарашасына дейін Абдулхаликовтың Сирия мен Ирактағы террористік ұйымды қаржыландыру үшін құрылған мессенджерлерінің бірінде топ мүшесі болғаны анықталды. Барлығы бұл қоғамдастыққа 30-ға жуық адам кірді. Олар ақша жинап, заңсыз қарулы топ мүшелерінің банк карталарына аударды.

Мәскеудің екінші Батыс округтік әскери соты Абдулхаликовты террористік қызметке жәпдемдескені  үшін кінәлі деп тапты. Ол сегіз жылға  сотталды, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Осы қылмыстық істі тергеу барысында Мәскеуде, Мәскеу облысында, Дағыстанда және Кабардино-Балқарияда 15 сыбайлас ұсталды. Олардың тоғызы бұрын 12 жылға дейін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған. Қамауға алынған екі адамның ісі сотта қаралуда, тағы үш сыбайласқа қатысты  тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *