Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ниццадағы лаңкестік шабуылды кім ұйымдастырды?

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. Францияның Ницца қаласында болған шабуылды 21 жастағы Тунистен келген жігіт ұйымдастырған, деп хабарлайды 24.kz.

Белгілі болғандай, күдікті қазан айнының басында Италиядан Францияға келген. Бұл туралы лаңкестікке қарсы прокуратура басшысы Жан-Франсуа Рикар хабарлайды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қаскөй қыркүйек айының соңында заңсыз миграция ұйымдастыру ісі бойынша күдікті ретінде тергелген екен. Онымен бірге Лампедузаға бортында көбінесе Тунис азаматтары отырған 20 шақты кеме келген. Естеріңізге салайық, кеше Францияның Ницца қаласындағы Нотр-Дам шіркеуінде шабуыл болып, 3 адам мерт болды.

 – Қаскөй Нотр-Дам шіркеуіне таңғы сағат сегіз жарымда кіріп, ішінде шамамен жарты сағат болған. Осы уақыт аралығында 3 адамды пышақтап үлгерді. Тергеу барысында оның Тунистен келгенін растайтын құжаттары тәркіленді. Күдікті ауыр жарақат алғандықтан қазір ауруғанада хәл үстінде жатыр, деп лаңкестікке қарсы прокуратурасының басшысы Жан-Франсуа Рикар мәлімдеді.

Болған оқиғаға қатысты әлемнің бірнеше елі Франция халқын қолдау мақсатында көңіл айту хаттарын жолдаған. Еурокомиссия басшысы Урсула Фон дер Ляйен, Сауд Арабия мен Түркия елдерінің басшылары қылмыстық оқиғаны қатаң сынға алды.

Қазір Франция аумағы бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Елде террорлық қауіптің жоғарғы деңгейі жарияланды. Ал оқиғадан мерт болғандардың кұрметіне шіркеулерде арнайы қоңырау соғылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *