Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Радикалды исламшылар Венадағы лаңкестік шабуылға қатыстылығы туралы мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Радикалды исламшылар Венадағы лаңкестік актілерге қатысы бар екенін мәлімдеді, деп радикалдардың ақпараттық ресурстарын бақылайтын американдық SITE Intelligense компаниясы хабарлайды. Бұл туралы REGNUM АА жазады.

Олардың ақпараты бойынша, жиһадшылар Австрияның Таяу Шығыстағы «Ислам мемлекеті» ұыймының (ҚР  қызметіне тыйым салынған ұйым) лаңкестерімен күреске  қатысқаны үшін жауап ретінде теракт жасады. Дегенмен лаңкестік топтардың ешқайсысы шабуылға жауапкершілікті ресми түрде мойнына алған жоқ.

Бұған дейін хабарлағандай , Австрия астанасы Венада шабуылдар топтамасы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, кем дегенде 15 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, олардың біреуі қаза тапты. Сондай-ақ шабуылға қатысқан төрт адамды ұстау туралы хабарланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *