Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Австрия астанасындағы синагогада болған атыстан жеті адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Венада белгісіз адамдар синагогада оқ атты, деп centralasian.org жазады. 

Жеті адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Бір полиция қызметкері ауыр жарақат алды деп хабарлайды Kurier. Куәгерлер кемінде 50 рет оқ атылғанын айтады.

Аустрия ішкі істер министрлігі синагогадағы атысты теракт деп атады.

Шабуыл жасаушының бірі өлтірілген, екіншісі жасырынып үлгерген, қазір оны іздестіріп жатыр деп хабарлайды dpa агенттігі.

Вена полициясы қала орталығында «ірі операция» бастағанын мәлімдеді.

Deutsche Welle Kronen Zeitung-қа сілтеме жасап Венадағы еврей қауымдастығының президенті тұрғындарды үйінен шықпауға шақырды деп хабарлайды.

Венаның полиция басқармасы да тұрғындарды үйінде болуға, қоғамдық көліктерге мінбеуге, оқиға орнында түсірілген видеоларды таратпауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *