Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында ер адамнан жарты килограммнан астам марихуана тәркіленді

ТҮРКІСТАН, 03 қараша. Түркістан облысында полицейлер ер адамнан жарты килограммнан астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның есірткіні үлкен мөлшерде сақтайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түлкібас АПБ-нің полицейлерімен бірлесіп, бұрын сотталған күдіктіні ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер ұсталған адамнан құрамында өсімдік тектес есірткісі бар полиэтилен пакетін тауып алып, тәркіледі.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 600 грамнан асатын марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта.

Полицейлер істің барлық мән-жайын және ер адамның өзімен бірге үлкен мөлшердегі есірткіні не үшін алып жүргенін анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *