Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Террорлық шабуыл қаупіне байланысты Голландияның Утрехт қаласында пойыздардың қозғалысы тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 04 қараша.Голландияның Утрехт қаласының орталық станциясынан күдік туғызған жағдайға байланысты барлық адамдар эвакуацияланды. Бұл туралы Нидерланды полициясына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

 «Пойыздар қозғалысы тоқтатылды, — делінген хабарламада. — Полиция пойыздардың бірінен күдікті адамды іздестіруде».

Нидерландының телерадио хабарларын тарату корпорациясы өз кезегінде полицияның «күдікті нәрсе айтқан адамды іздеп жатқанын» хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, құқық қорғау органдары екі адамды ұстады. Вокзал жергілікті уақыт бойынша кем дегенде 21: 00-ге дейін жабылады, станция кіре берістерің полицияның қарулы қызметкерлері күзетуде.

Кейінірек Утрехт полициясы орталық теміржол станциясында екі адамның ұсталғаны туралы хабарлады.

«Екі күдікті ұсталды, олардың оқиғаға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, — делінген хабарламада. — Пойыздардың қозғалысы мүмкіндігінше тез қалпына келтіріледі».

Тексеру аяқталғаннан кейін Голландия полициясы Утрехттегі орталық теміржол станциясында ешқандай жарылғыш құрылғы табылмағанын хабарлады.

«Станцияда жүргізілген тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, — делінген хабарламада. — Тергеу жалғасуда».

Естеріңізге сала кетейік, Утрихт қаласында Түркияның тумасы Гокмен Танис террористік себептерді басшылыққа алып , 2019 жылы 18 наурызда трамвайда оқ жаудырған. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты: 19 жасар бойжеткен мен 28 және 49 жастағы екі ер адам. Бес адам жарақат алды.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *