Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Теміртау тұрғынынан жарты келіден астам гашиш тәркіленді

ТЕМІРТАУ, 14 қараша. Теміртауда тұратын жас жігіттен жарты келіден астам гашиш тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Теміртау қаласы Полиция басқармасының есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлеріне белгісіз бір азаматтың есірткі сатып жүргені туралы ақпарат келіп түскен. Жедел тексеру барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азаматты қолға түсірді. Ұсталған азаматтың үйіне жүргізілген санкцияланған тінту кезінде кіреберістегі шкафтан он полимерлік пакетке оралған ұнтақталған зат алынды. Сондай-ақ қонақ бөлмесінен де осыған ұқсас заттар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың жалпы салмағы 615 гр гашиш екені анықталды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297- бабына сәйкес (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *