Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысының полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады

ТҮРКІСТАН, 18 қараша. Түркістан облысының полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша үздіксіз жұмыс жасауда. Мәселен, Сарыағаш АПБ-нің полицейлері шекара бекеті қызметкерлерімен бірлесіп, түрлі заңсыздыққа жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде ҚР-нан ӨР-на өтіп жатқан азамат күмән тудырып, полицейлер тоқтатады. Сондай-ақ тексеру кезінде оның қалтасынан полиэтилен пакетке оралған,  ерекше хош иісі бар есірткі затына ұқсас зат табылады. Белгілі болғандай күмән тудырған ер азамат Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Ол қалтасындағы есірткімен Өзбекстан  Республикасына өтпек болған.

Аталған дерек, СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған зат “кептірілген марихуана” екені анықталды. Жалпы салмағы 40 граммнан асады.

Егер де сіз, есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз бірден полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *