Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирактың солтүстігінде жүргізілген арнайы операцияда барысында ИМ 16 содыры өлтірілді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Ирактың терроризмге қарсы күштері бірнеше күн бұрын елдің солтүстігіндегі Киркук провинциясында жүргізген операция нәтижесінде «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) тобының он алты содыры  жойылды, деп Ирак қарулы күштерінің Біріккен қолбасшылығының өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Ирак қарулы күштері Біріккен қолбасшылығының ресми өкілі Яхья Расул жұма күні мәлімдегендей, АҚШ бастаған халықаралық коалицияның әуе қолдауымен терроризмге қарсы күштер бейсенбі күні Киркук провинциясының оңтүстік-батысындағы таулы аймақта ИМ содырларына (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қарсы жер үсті операциясын бастады. Операция жұма күні таңертеңге дейін жалғасты, әскери күштер 16 содырды жойды.

2017 жылдың желтоқсанында Ирак ИМ-ді жеңгенін мәлімдеді. Алайда экстремистік топтың қалдықтары әлі күнге дейін ел аумағында әрекет етеді, олар анда-санда шабуылдар жасайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *