Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылордада облысының түзеу мекемелерінің бірінде терроризмді насихаттаумен айналысқан азамат анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА, 21 қараша. Қызылорда облысының түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан Түркістан облысы тұрғынының діни алауыздықты қоздырға бағытталған уағыздар таратумен айналысып жүргені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Түркістан облысының 43 жастағы тұрғынының діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздарды таратумен айналысып жүргенін анықтады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сараптама тағайындалды.

Сараптама қорытындысына сәйкес діни уағыздардан терроризмді насихаттау белгілері анықталды.

Күдіктіге қатысты 2020 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *