Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Аса ірі көлемде есірткі сақтаған Алматы облысының тұрғыны ұсталды

АЛМАТЫ, 23 қараша. Алматы облысында синтетикалық және өсімдік тектес есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтаған және саудалаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Талғар ауданы аумағындағы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері салмағы 0,057 грамм болатын синтетикалық есірткі затын өткізу дерегін анықтады. Сонымен қатар, осы күдіктінің, Амангелді ауылының 39 жастағы тұрғынының, жеке үйін тінту барысында қызметтік-іздестіру иті ас үйден салмағы 220,08 грамм болатын, аса ірі көлемге жататын, сараптамамен “гашиш” деп танылған, металл банканы тапты.

Сондай-ақ, аулада, ваннаның жанынан ит сараптамамен “марихуана” деп танылған, салмағы 1 кг. 466 грамм болатын пластикалық пакетті тапқан, бұл да ірі көлемдегі есірткі затына жатады. Аталған деректер ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Бұрын ұрлық пен қарақшылық үшін бірнеше рет сотталған күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *