Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда «Боко Харам» содырларының шабуылы салдарынан тоғыз адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. «Боко Харам» лаңкестері Нигерияның Борно штатының губернаторы Бабаган Зулумның автокөліктер колоннасына шабуыл жасады: тоғыз адам қаза тауып, көптеген адамдар жараланды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі .

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаның Жаалта аймағындағы Гажирам-Монгуно тас жолында болғанын хабарлайды.

Қаза тапқандардың жетеуі әскери, екеуі полиция қызметкерлері.

Шабуыл нәтижесінде Зулум жарақат алған жоқ, көліктер қираған. Бұл «Боко Харамның» Борно губернаторына соңғы үш айда жасалған үшінші шабуылы.

Сондай-ақ, 18 қараша күні Борно штатында, салдарынан бес адам қаза тапқан, содырлар атып түсірген тікұшақ туралы еске саламыз .

«Боко Харам» 2000 жылдардың басынан бастап әрекет етеді. 2009 жылдан бастап 20 мыңнан астам адам экстремистік ұйымның құрбаны болды.

«Боко Харам» 2015 жылдан бері Камерун, Чад және Нигерде қанды шабуылдар жасайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *