Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирактың солтүстігінде ДАИШ-тың 5 лаңкесі қолға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша.Лаңкестер Киркук қаласының орталығындағы пәтерлерге жүргізілген рейдтер кезінде қолға түсті, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.

Ирактың солтүстігінде терроризмге қарсы операция кезінде ДАИШ лаңкестік ұйымының бес содыры қолға түсті.

Киркук полиция Басқармасының бастығы Амир Нури «Анадолу» ақпарат агенттігінің тілшісіне  қауіпсіздік күштерінің қала орталығындағы екі пәтерінде рейд жасағанын айтты. Рейдтер кезінде бес ДАИШ лаңкесі ұсталды.

ДАИШ террористік ұйымы 2014 жылы маусым айында Ирактың Мосул, Салахаддин және Әл-Анбар провинцияларын, сонымен қатар Дияла мен Киркук провинцияларының біраз бөлігін басып алған.

Кейінгі жылдары Ирактың қауіпсіздік күштері АҚШ бастаған Халықаралық ДЕАШ-пен күрес коалицияның қолдауымен аталған провинцияларды лаңкестерден тазарта алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *