Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚШҰ отырысында әскери ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы бейне конференция форматында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинян, Қырғызстан Президентінің міндетін атқарушы Талант Мамытов, сондай-ақ, ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты. ҰҚШҰ-ның 2020 жылғы басым бағыттарының іске асырылуы қорытындыланып, алдағы жоспары нақтыланды.

Террорлық сипаттағы заманауи сын-қатерлер мен тегеуріндерге қарсы іс-қимылдар және олармен күресуге бағытталған нақты шараларға, есірткінің заңсыз айналымына, кибер қауіпсіздік саласындағы бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударылды.

Саммит қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын және әділ әрі орнықты әлем құру жөнінде Саяси мәлімдеме қабылдады.

Сессия барысында қабылданған құжаттар ҰҚШҰ қызметінің өзекті салаларын одан әрі нығайтуға бағытталады, сондай-ақ, Ұйымның ашықтығын, басқа мемлекеттермен және халықаралық құрылымдармен ынтымақтастықты нығайтуға әзір екенін көрсетеді.

Ұйымға төрағалық ету міндеті Ресейден Тәжікстанға өтті. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы 2021 жылы Тәжікстанның аумағында болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *