Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Египеттің қауіпсіздік күштері кем дегенде 40 лаңкестің көзін жойды

НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. Египеттің қауіпсіздік күштері Солтүстік Синай мухафазындағы терроризмге қарсы екі операция барысында кем дегенде 40 лаңкестің көзін жойды. Бұл туралы Египет армиясы таратқан мәлімдемеге сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады .

Құжатта қауіпсіздік күштерінің терроризмге қарсы операциялардың бірінде лаңкестердің бірнеше баспаналарын қиратып, 25 лаңкестің өлтірілгені, тағы бір операция нәтижесінде 15-інің жойылғаны айтылған. Сондай-ақ, , бес жерасты өткелдері, алты автокөлік жойылды,  159 жарылғыш заттар жиынтығы, 32 мотоцикл, үш автоматты атыс қаруы және бірнеше сымсыз байланыс құралдары тәркіленді.

Операциялар барысында екі офицер мен төрт сарбаз қаза тапты немесе жарақат алды, делінген мәлімдемеде. Құжатта операцияның нақты уақыты көрсетілмеген.

Соңғы жылдары Египетте терроризмге қарсы күрделі жағдай қалыптасты. 2020 жылы елдің қауіпсіздік күштері бірнеше рет операция жүргізіп, нәтижесінде жүздеген лаңкестер жойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *