Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда болған жарылыстардан кем дегенде төрт адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында жұма күні болған екі жарылыста кем дегенде төрт адам қаза тауып, сегізі жараланды. Бұл туралы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің  Нигерия делегациясына сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады .

Оқиға штаттың әкімшілік орталығы Майдугуриден шығысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан Диква қаласында болды, деп хабарлады Қызыл Крест өкілі Алию Давобе.

Алдын ала мәлімет бойынша,  қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар іске қосылған.

«Қазіргі уақытта ең ауыр жараланған бес адам Майдугуридегі Мемлекеттік мамандандырылған ауруханада, олар ХҚКК-ның хирургиялық тобының қарауында, ал тағы біреуі Майдугури университетінің ауруханасына жіберілді», — деп толықтырды Қызыл Крест өкілі.

Әзірге ешбір топ жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *