Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әлеуметтік желіде теріс ақпарат таратқан Рудный тұрғыны ұсталды

ҚОСТАНАЙ, 25 желтоқсан. Рудный қаласында экстремистік әдебиет сақтап, әлеуметтік желіде теріс ақпарат таратып келген 59 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рудный тұрғыны діни алауыздықты қоздыруға бағытталған кітапты үйінде сақтаған. Бұл әдебиетті Ақтөбе сотының 2012 жылғы шешімімен елімізге әкелуге және таратуға тыйым салынған. Сонымен қатар ол «WhatsАpp» мессенджері арқылы экстремистік материалдар таратқан. Дінтану сараптамасының қорытындысына сәйкес, бұл хабарламалардың дінаралық алауыздықты қоздыруға бағытталғаны анықталды.

Рудный қаласының мамандандырылған әкімшілік соты аталған азаматты кінәлі деп таныды. Жасалған құқық бұзушылықтар үшін ол 300 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Жалпы 2020 жылы облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни қатынастар саласында 13 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Сот 9 адамға 1,9 млн теңгеден (700 АЕК) астам айыппұл салып, әкімшілік жауапқа тартты.

Облыстық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Ербол Дербісовтың айтуынша, заңсыз деректердің дені интернет желісінде жасалған.

«Жалған діни ұйымдардың жақтаушылары өз материалдарын тарату үшін әртүрлі мессенджерлерді жиі қолданады. Діни материалдарды таратқаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес, діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тек ғибадат ғимараттарында, рухани (діни) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ арнайы стационарлық үй-жайларда таратуға жол берілетінін еске саламыз», — дейді Е.Дербісов.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *