Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Биыл Түркістан облысында  есірткінің заңсыз айналымына қатысты 418 дерек анықталды

ТҮРКІСТАН, 30 желтоқсан. Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жылды қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттаратқан мәліметтерге қарағанда, облыста биыл есірткінің заңсыз айналымына қатысты 418 дерек анықталған. Оның 193-і қылмыс пен 225-і қылмыстық әрекеттер. Нақтырақ айтқанда, есірткі сатудың 68, аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 15, есірткі контрабандасының 33, есірткі өсімдігін заңсыз егіп-өсірудің 77 дерегі тіркелді.

Осы ретте облыс полицейлері жалпы көлемі 6 тн 720 келі есірткі заты тәркілегендігін айта кету керек. Оның ішінде есірткінің ауыр түрі саналатын героин 5 гр, синтетикалық есірткі 4,2318 гр, гашиш 48 келі 046,7 гр, марихуана 786 келі. Нәтижелі жұмыстар аясында соңғы екі айда 5 қылмыстық іс анықталды.

Мәселен, Қазығұрт ауданының полицейлері ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеді. Яғни жергілікті тұрғын күдікті ер азамат ауданның басқа тұрғынына салмағы 3 грамнан асатын есірткіні сатқан. Ер азамат қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды. Ал үйін тінту кезінде ауласынан есірткісі бар 6 дана қағаз орама мен 4 дана сіріңке қорапшасы алынды. Олардың жалпы салмағы 195 грамды құрайды.

Сондай-ақ дәл осы ауданнан есірткіге қатысты тағы да екі жайт анықталды. Қазығұрттық тұрғынның бірінен 35 грамм есірткісі бар полиэтилен пакеті алынса, екіншісінің үйіне тінту жүргізу кезінде 53 грамм есірткі заты тәркіленді. Аталған жайттарға байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде полицейлер сотқа есірткіге қатысты 173 істі жолдап, 167 тұлға қылмыстық жауапқа тартылды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *