Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Гашиш сатқан ер азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды

ТҮРКІСТАН, 31 желтоқсан. Есірткі сатқан ер азамат бес жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне белгісіз азамат хабарласып жергілікті тұрғынның есірткі сатумен айналысқаны туралы хабарлайды. Хабарламаны алған полицейлер бірден аталған жайтты тексеруге кіріседі. Күдіктіні қылмыс үстінде ұстау үшін қажетті шаралардың барлығын атқарады. Осылайша іске асырылған жұмыстардың нәтижесінде жергілікті тұрғын келесі адамға есірткіге ұқсас затты сатып тұрған жерінен ұсталады.

Аталған жайтқа сәйкес ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу амалдары жүргізілді.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тәркіленген заттың 3,82 грамм гашиш екендігі анықталды. Осыдан соң ұсталған азамат қамауға алынып, тергеушілермен тергеу істері жүргізілді. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкері, тергеуші Бексұлтан Ботақұловқа бұл іс тапсырылды.

Б.Ботақұлов өзіне тапсырылған жайтты ақ-қарасын ажырата отырып, тергеуді жоғары деңгейде жүргізеді. Есірткіні сатқан және сатып алушы адаммен жауап алу, беттестіру жұмыстарын жүргізеді. Сараптамалар тағайындайды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықталып, нақты дәлелдемелерден соң күдіктінің мойындамасқа амалы қалмайды. Өз ісіне өкініп, кінәсін мойындайды.

– Күдікті өз арам ойын іске асыру үшін полиэтилен пакетке гашиш есірткі затының 3,82 грамын салып, екі мың теңгеге сатқан. Ол бұрын сотты болмаған жергілікті тұрғын болып шықты. Оны қылмыс үстінде ұстасақ та, кінәсін дәлелдеу оңай болған жоқ. Бізді адастырмақшы болып, әр істің басын бір шалып, сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Жауаптан жалтарды. Десе де өзіңе тапсырылған істі дәлелдеп, соңына дейін жеткізу үшін прокуратура мен сотқа нақты дәлелдемелерді ұсындым. Көп ұзамай сот өз шешімін шығарып, күдікті ер азамат ҚР ҚК-нің 297-бабындағы қылмысты жасады деген айыппен, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, – дейді тергеуші Бексұлтан Ботақұлов.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткіні заңсыз сақтағанға және таратқанға ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылғанын ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *