Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияда Эль-Бабтағы лаңкестік шабуылға байланысты 11 адам тұтқындалды

НҰР-СҰЛТАН, 06 қаңтар. Сирияның солтүстігінде Эль-Баб қаласында қараша айында болған лаңкестік шабуылға байланысты 11 адам қамауға алынды, деп жазады Анадолу агенттігі.

Былтыр қараша айында  Сирияның Эль-Баб қаласында болған жарылыстан алты адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды.

Түркияның Газиантеп провинциясы әкімшілігі КЖП (PKK – YPG) лаңкестік ұйымының Сирия қанатымен байланыста күдікті адамдардың сот шешімімен қамауға алынғанын хабарлады.

2020 жылдың 24 қарашасында Эль-Бабтың каббасин аймағында бомба орнатылған көлік жарылды. Қаза тапқандардың арасында екі тәртіп сақшысы бар.

Тоғыз қарулы лаңкеске іздеу жұмыстары жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *